Женеше-ай Армандастар

плюс армандастар
Елге танымал, әсерлі де әдемі, әзіл әндерімен халықтың жадында жатталған «Жеңеше-ай» әзіл-қалжың триосы. 1999 жылдың 8-ші наурыз қарсаңында С.Торайғыров атындағы ПМУ-нің қабырғасында, ән және саз факультетінің студенттері Сәрсебеков Батырбек, Сапаров Саят, Хасенов Армандай азаматтармен құрылған. Үш домбыраның сүйемелдеуімен тірі дауыста шыққан алғашқы әндері: «Омпыйдым жеңеше-ай». Осы әннен кейін бұл топты «Жеңеше-ай» деп халықтың өзі атап кеткен. Бұдан соң халықтың атауымен «Жеңеше-Ай» триосы сахнаға үш домбырамен «Сұлу қыз» әнін алып шығады. «Сұлу қыз» әнінен кейін топ болып жұмыс істеуге, әзіл әнге мықтап бет бұрған жігіттер елдің «Жеңеше-ай» деген атауына әзіл-қалжың деген атты қосады. Осыдан кейін «Ой-жеңгем», «Армандастар», «Бажа», «Тоқал», «Мерседес» сияқты әндер дүниеге келіп, халыққа кең танылып, өз мемлекетімізді шарлай, өзге мемлекетке де жол тартады. Жасаған жұмысының жемісі болып «Ой жеңгем», «Бажа» деген атпен екі альбом жарыққа шыққан.

Қазақстанның түрлі қалаларымен қоса Ресей сахнасында да жеке шығармашылық кештерін өткізген.

2008 жылы топтан Арман Хасенов кеткеннен кейін Батырбек Сәрсебеков пен Саят Сапаров «Жеңеше-Ай» триосын, «Жеңеше-ай» дуэті Бәке мен Сәке деп өзгерткен.

2010 жылы «Жеңеше-ай» дуэті Бәке мен Сәке еліміздің бірнеше қалаларында «Көшіп барам» атты алғашқы ән кештерін өткізген. Репертуарларындағы «Ой жеңгем 2», «Кредит», «Қайын ене», «Көшіп барам» сияқты шындықты ойнақы әзілмен астарлаған әндері халықтың көңілінен орын алады. Бүгінгі таңда, «Жеңеше-ай» дуэті Бәке мен Сәке «Туған күніңмен» деген жеке альбом шығарып, әнге бейне клип шығару үстінде.
телефон для организаций концертов и мероприятий : 87052617799 -

Название песни: Армандастар

Исполнитель: Женеше-ай

Длина файла: 03:35

Дата добавления: 2016-12-22

Текст просмотрен: 9840

Рейтинг: 0

Скачать

Другие песни этого исполнителя Женеше-ай
Текст песни целиком:

Бір ауылдың түлеп ұшқан жастары едік
Бір дәурдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз де жазылмаған дастан едік
Армандастар - құрдастар

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Арман қуған, қиял қуған кезің қайда
Құрбы қыздар, мөлдіреген көзің қайда?
Сол алғашқы алаулаған сезім қайда?
Армандастар - құрдастар

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Бәрің, достар әр тарапқа кеттіңдер ме
Әлде биік асулардан өттіңдер ме?!
Әлде игі армандарға жеттіңдер ме?!
Қайдасыңдар, құрдастар?!

Бір дәуірдің мөлдіреген аспаны едік
Бәріміз бір өмір жолын бастап едік
Армандастар қайда?
Абзал достар қайда?
Замандастар, қарлығаштар қайда екен?

Видео
Бәке мен Сәке Женеше-ай - тук тук
Женеше-ай - Армандастар
Комментарии (0)
Записать коментарий



Безопаска:

Войти
Что прочитать
Песни